«Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
АҚШ-та әлемдік кинематографияның ең беделді марапаты – «Оскар-2026» сыйлығының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Masa media.
Салтанатты марапаттау рәсімі 16 наурызға қараған түні АҚШ-та өтіп, негізгі аталымдар бойынша лауреаттардың есімдері жарияланды. Кешті белгілі америкалық комик әрі тележүргізуші Конан О’Брайен жүргізді.
Негізгі аталымдардағы жеңімпаздар
Негізгі санаттар бойынша жүлдегерлер:
- Үздік режиссер — Пол Томас Андерсон («Шайқас артынан шайқас»);
- Үздік ер адам рөлі — Майкл Б. Джордан («Күнәһарлар»);
- Екінші пландағы үздік актриса — Эми Мэдиган («Қару-жарақ»);
- Екінші пландағы үздік актер — Шон Пенн («Шайқас артынан шайқас»).
Басқа аталымдардағы жеңімпаздар
Сондай-ақ техникалық және өзге де санаттар бойынша лауреаттар тізімі:
- Үздік анимациялық фильм — «К-поп жын аулаушылары»;
- Үздік қысқаметражды анимациялық фильм — «Інжумен жылаған қыз»;
- Үздік костюм дизайны — Кейт Хоули («Франкенштейн»);
- Үздік грим мен шаш үлгісі — «Франкенштейн»;
- Үздік кастинг — Кассандра Кулукундис («Шайқас артынан шайқас»);
- Үздік қысқаметражды ойын фильмі — «Әншілер» және «Екі адамның сүйісуі»;
- Үздік бейімделген сценарий — Пол Томас Андерсон («Шайқас артынан шайқас»);
- Үздік түпнұсқа сценарий — Райан Куглер («Күнәһарлар»);
- Үздік көркемдік безендіру — Тамара Деверелл мен Шейн Вио («Франкенштейн»);
- Үздік визуалды эффектілер — «Аватар: От пен күл»;
- Үздік деректі фильм — «Ешкім мырза Путинге қарсы»;
- Үздік қысқаметражды деректі фильм — «Бос қалған барлық бөлме»;
- Үздік саундтрек — Людвиг Йоранссон («Күнәһарлар»);
- Үздік дыбыс — «F1»;
- Үздік монтаж — «Шайқас артынан шайқас»;
- Үздік операторлық жұмыс — «Күнәһарлар»;
- Үздік халықаралық фильм — «Сезім құны»;
- Фильмге жазылған үздік ән — «Golden» («К-поп жын аулаушылары»).
10:18
38
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.